200-ден астам жамбылдық бизнесті дамытуға микрокредит алды

5 Шілде 2023, 19:04
750
Бөлісу:
200-ден астам жамбылдық бизнесті дамытуға микрокредит алды
Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ - архив

Жамбыл облысының 200-ден астам тұрғыны бизнесті дамытуға микрокредит алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жамбыл облысы жастарының арасынан 212 адам кәсіпкерлік бастамаларды іске асыру үшін жылдық 2,5%-дық жеңілдетілген микрокредит алды. Осы жылы өңірде жалпы 347 микрокредит беру жоспарлануда.

Микрокредит 5 млн теңгеге дейін кез-келген мақсатқа 5 жылға, ал мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін 7 жылға беріледі. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5%.

Жоба басталғалы бері Жамбыл облысының тұрғындарынан «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ға 512 өтінім келіп түсті. Аймақ бойынша конкурстық комиссияның шешімімен 375 өтінім мақұлданып, 977,6 млн теңге сомасына 212 микрокредит берілді. Микрокредит алушылар арасында мал шаруашылығы (165) және қызмет көрсету (23), жеңіл және ауыр өнеркәсіп (10), сауда (10), АӨК өнімдерін қайта өңдеу (4) салалары басымдық көрсетуде.

Несие алушылардың бірі Тараз қаласының тұрғыны Рахат Үмбетов. Ол смартфондарды жөндеу үшін қосымша жабдықтар сатып алуға, сонымен қатар өз бизнесін одан әрі дамытуға 5 млн теңге көлемінде мемлекеттік қолдау алуға шешім қабылдады.

Мен бұл шара туралы ақпараттық сайттар арқылы білдім, содан кейін Аграрлық несие корпорациясына кеңес алу үшін бардым. Мен тура уақытында үлгерген екенмін, себебі бұл жастарды қолдауға арналған шара, ал менің жасым 34-те және қазіргі жеке кәсіпкерлігімнің ашылғынына 4 жылдан енді асқан еді, – деп бөлісті Рахат Үмбетов.

Жақын арада кәсіпкер өз ісін кеңейтуді жалғастырып, қосымша жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, микрокредиттер жеке кәсіпкер ретінде тіркелген мерзімі 5 жылдан аспаған жағдайда, 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастарға өз ісін ашу немесе кеңейту үшін беріледі. Бұл ретте қатысушылардың жасы «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ-ға өтініммен жүгінген кезде ескеріледі.

Микрокредиттер алуға өтінімдер барлық 17 облыста және Республикалық маңызы бар Астана, Алматы, Шымкент қалаларында қабылданады.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалдарының мекенжайлары мына сілтемеде көрсетілген.

Өзгелердің жаңалығы