200-ден астам отандық кәсіпкер Германияда біліктілігін арттырды

2 Қараша 2023, 21:16
731
Бөлісу:
200-ден астам отандық кәсіпкер Германияда біліктілігін арттырды
Фото: ҰЭМ баспасөз қызметі

200-ден астам қазақстандық кәсіпкер Германияның кәсіпорындарында тағылымдамадан өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ ҰЭМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Берлин қаласында ҚР ҰЭМ мен Германияның Федералдық экономика және климатты қорғау министрлігі өкілдерінің кездесуі өтті. 

Тараптар басқарушы кадрлардың біліктілігін арттыру бағдарламасын іске асыру барысын талқылады. 

Ол мемлекеттік қолдаудың қаржылық емес шаралары шеңберінде «Іскерлік байланыстар» жобасына енгізілген және отандық кәсіпкерлердің неміс компанияларында тағылымдамадан өтуін көздейді. 

200-ден астам отандық кәсіпкер Германияда біліктілігін арттырды

Германия шығындардың негізгі бөлігін жабады. Тағылымдама барысында қатысушылар нақты мәселелерді зерделеуге, атап айтқанда, технологиялар трансферті, жабдықтар сатып алу, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді өзара жеткізу, франшизалар сатып алу, бірлескен кәсіпорындар құру мәселелері бойынша жеке іскерлік байланыстар орнатуға мүмкіндік алады. 

ҚР ҰЭМ Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаментінің директоры Нұрбол Жаңабеков өз сөзінде аталған бағдарламаның тиімділігін атап өтті.

 2016-2022 жылдар аралығында «Іскерлік байланыстар» жобасы бойынша 206 ШОБ (шағын және орта бизнес) субъектісі тағылымдамадан өтті. 18,6 млн еуро сомасына 31 келісімшартқа қол қойылды. 546,5 мың еуроға жабдық сатып алынды. 

Бағдарламаны жетілдіруге қатысты ҚР Ұлттық экономика министрлігі мынадай мәселелерге назар аударуды ұсынды: Болашақта машина жасау, медицина, логистика, сондай-ақ энергия тиімділігі, кәсіпорындарды цифрландыру және жаңартылатын энергия көздері секілді салаларға назар аудару қажет.

Өзгелердің жаңалығы