20 жастағы алматылықтан 6 бума есірткі тәркіленді

12 Маусым 2022, 01:45
1497
Бөлісу:
20 жастағы алматылықтан 6 бума есірткі тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда полиция қызметкерлері аса ірі көлемде есірткі сақтады деген күдікпен 20 жастағы жігітті қамауға алды.

Оның қандай есірткіні сақтағаны айтылмады, бірақ оны тінту кезінде лентаға оралған алты бума есірткі тәркіледі.

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, күдікті Алматы қаласы Әуезов ауданы аумағында ұсталған. Ол есірткіні тауып алып, өзіне қалдырғанын айтқан.

Құқық қорғау органының қызметкерлері Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігі – аса ірі көлемде есірткі заттарын сақтау бойынша қылмыстық істі тіркеді.

Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Бірқатар сараптама тағайындалды, тергеу жалғасып жатыр, - деді Әуезов аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Ұлан Әбілқайыр.

Айта кетері, Қылмыстық кодекстің 296-бабы бойынша өткізу мақсатынсыз есірткіні заңсыз дайындағаны, қайта өңдегені, иемденгені, сақтағаны, тасымалдағаны үшін алматылық үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы