20 тамызға арналған ауа райы болжамы

20 Тамыз 2020, 08:30
1081
Бөлісу:
20 тамызға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Бірқатар өңірде күн күркіреп, жаңбыр жауады. Тек еліміздің оңтүстігі мен батысында күн райы ашық. Кей жерде жел күшейеді, дауыл соғады, бұршақ жаууы ықтимал, солтүстікте және шығыста тұман түсуі мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысынын кей жерінде тұман түсіп, дауыл соғады, бұршақ жаууы ықтимал. Жел күшейіп, түнде кей жерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерінде дауыл соғады, бұршақ жаууы ықтимал. Жел күшейіп, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді.

Павлодар облысының кей жерінде дауыл соғады, бұршақ жаууы ықтимал. Түнде кей жерде, күндіз өңірдің басым бөлігінде 15-20 м/с жел соғады. Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерінде тұман түседі, күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда, Түркістан облыстары, Жамбыл облысының басым бөлігінде, Алматы, Атырау облыстарының кей жерінде, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.



Өзгелердің жаңалығы