Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 20 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынады.
Қазақстан аумағының басым бөлігінің ауа райы әлі де антициклонмен анықталады, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек елдің солтүстігі мен оңтүстігінде фронталды бөліктердің әсерінен қар жауады. Республиканың кей жерінде тұман, желдің күшеюі, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі.
Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.