+20 градусқа дейін жылынады: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда ауа температурасы +20 градусқа дейін көтеріледі.

 freepik.com Бүгiн 2026, 14:24
Бүгiн 2026, 14:24
290
Фото: freepik.com

Қазақстанда 17, 18 және 19 наурыз күндері ауа температурасы көтеріледі. Оңтүстікте +20 градусқа дейін жылынса, солтүстік пен шығыста +3…+8 градус болады. Кей өңірлерде жауын-шашын, тұман және көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде күндізгі ауа температурасы біртіндеп көтеріле береді.

Алайда еліміздің солтүстік өңірлерінде және оңтүстіктегі таулы аймақтарда ауа райы тұрақсыз болады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр мен қар) жауып, көктайғақ болып, жел күшеюі мүмкін.

Сонымен қатар республика аумағында тұман түсуі ықтимал.

Синоптиктердің болжамынша, күндіз ауа температурасы батыс өңірлерде +10…+15 градусқа дейін, оңтүстікте +15…+20 градусқа дейін, ал солтүстік пен шығыста +3…+8 градусқа дейін жылынады.

Бұған дейін наурыз айында ауа райы қандай болатынын жаздық. Мамандардың мәліметінше, Қазақстанда наурыз айы жылы болады. Бірақ кейбір өңірде ауа райы құбылмалы болып, жауын-шашын күтіледі.

Наверх