20 күнде заңсыз балық аулаған 60-қа жуық браконьер ұсталды

24 Сәуір 2020, 21:18
1990
Бөлісу:
20 күнде заңсыз балық аулаған 60-қа жуық браконьер ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҰҚК Шекара қызметінің Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық бөлімшелері заңсыз балық аулауды кәсіп қылған браконьерлердің құқыққа қайшы әрекетінің алдын алу бойынша көлемді операция өткізді.

2020 жылғы 1-24 сәуір аралығында теңізші-шекарашылар Каспий теңізінің аумақтық суларында 33 шағын жүзу кемелеріндегі 57 құқық бұзушыны ұстады. 190 километрден астам браконьерлік сеткілер, "каллада" тәрізді қармақты торкөздерді тәркіледі. Жедел іс-шаралардың нәтижесінде 1 239 915 тенге сомасындағы айыппұл салынды. Барлығы 679 бекіре және 4 235 ерекше асыл тұқымды балықтардың түрлері теңізге жіберілді. Мемлекетке 1 млрд теңгеге жуық шығын келтірудің алдын алды - делінген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Теңіз шекарашыларының операциясы жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы