2 трлн теңге, 14 мың жұмыс орны: Министрлік жоспарды орындай алды ма?

18 Қаңтар 2023, 16:10
1130
Бөлісу:
2 трлн теңге, 14 мың жұмыс орны: Министрлік жоспарды орындай алды ма?

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев ведомствоның алқа отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша 2 трлн теңге сомасына 14,4 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берген 160 жоба іске асырылды. Айталық, Қызылорда облысында табақ шыны өндірісі, Атырау облысында полипропилен шығаратын, Қарағанды облысында автомобиль шиналарын өндіретін, сондай-ақ Шымкент қаласында алюминий қалбырын шығаратын кәсіпорынның жұмысы жолға қойылды. Сонымен бірге Жамбыл облысында азот-фосфор тыңайтқыштарын өндіру 2 есеге ұлғайтылды, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Айтуынша, былтыр өнеркәсіпті дамытуға байланысты қолданыстағы заңнаманы жетілдіру жұмысы жалғасады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес орта және жоғары бөліністегі өнімдерді өндіру мақсатында ішкі нарықты елімізде шығарылатын базалық материалдармен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылданады. Бұған қоса импортты алмастырудың салалық жоспарлары мен өңірлік бағдарламалары қолға алынады. Жыл соңына дейін 16,3 мың тұрақты жұмыс орнын ашуды қарастыратын 1,1 трлн теңге сомасына 149 жобаны іске асыру көзделген, - деді Марат Қарабаев. 

Өзгелердің жаңалығы