2 қала, 3 облыс аумағында заңсыз майнингпен айналысқандар ұсталды

1 Тамыз 2022, 15:10
1580
Бөлісу:
2 қала, 3 облыс аумағында заңсыз майнингпен айналысқандар ұсталды

Ішкі істер министрлігінің ұйымдасқан қылмыспен күрес департаменті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Алматы қалалық полиция бөлімінің мамандарымен бірге Алматы, Шымкент қалаларының, Алматы, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының аумағында бірлескен операция жүргізіліп, ұйымдасқан қылмыстық топтың 23 мүшесі ұстады деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы ІІМ ұйымдастырған брифингте министрліктің Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова мәлім етті.  

Бұрын сотталған және қылмысқа бейімі бар адамдардан ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері күш көрсету арқылы, оның ішінде қару қолдана отырып, табыс табуға маманданған. Яғни борышты күшпен қайтарту, тонау және заңсыз майнигке қамқорлық көрсету сияқты заңсыз жұмыстармен шұғылданған. Өздерінің бақылауындағы Талғар ауданында орналасқан майнинг фермалардың есебінен қылмыскерлер ай сайын 300-500 мың доллар алып отырған. Заңсыз майниг фермаларды тінту кезінде қылмыстық топтың 7 мүшесі ұсталды, - деді ол. 

Сонымен қатар, қылмыскерлер 36 жастағы ІТ-технологиялар саласының маманын қылмыстық «есепшотқа» тіркеп қойған. Яғни оны қорқыту арқылы майнинг фермалардың жұмысын ұйымдастырып отырған. 

Заңсыз қару сақталған орындарды анықтау үшін оперативті тәсілдер қолдану кезінде қылмыстық топтың 3 мүшесі ұсталды. Олардың бірі – әскери қызметші. Олардан АКСУ автоматы, 60 патрон және «Сталкер» және «Рита» маркалы тапаншалар тәркіленді, - деп хабарлады аға инспектор.  

Ұйымдасқан қылмыспен күрес департаментінің жедел қызметкерлері қылмыс қарулары мен құралдарынан бөлек, қара бухгалтерия жалпы құны 7 млн доллар болатын заңсыз майнигке қажет 6 000 қондырғы, Макаров тапаншасы және 3 жалған көлік нөмірін тәркіледі.  

Өзгелердің жаңалығы