2 млн теңге. АХАЖ қызметкері жаңа туған нәрестелерді сатқан

7 Қараша 2022, 13:45
1236
Бөлісу:
2 млн теңге. АХАЖ қызметкері жаңа туған нәрестелерді сатқан

Бұл туралы ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, тәртіп сақшылары жаңа туған нәрестені сатпақ болғандарды ұстаған. 

Тамыз айында Алматы қаласында полиция қызметкерлері заңсыз асырап алу мақсатында жаңа туған баланы сату дерегін анықтады. Жүргізілген шара барысында адамдар тобы, соның ішінде аудандық АХАЖ қызметкері алдын ала келісім бойынша өзінің жаңа туған баласынан бас тартқысы келетін жүкті әйелдер мен бала сүйе алмаған отбасылық жұптарды іздеумен, сондай-ақ баланың туу туралы жалған куәлігін дайындаумен айналысқан. Келісім бағасы 1 мен 2 млн теңге арасында болса, құжаттар мен анықтама жасап беру 700 мың теңгеге дейін жеткен, - деп атап өтті ІІМ өкілі. 

Бүгінгі таңда ол тұлғалардың жаңа туған балаларды сатудың 6 дерегіне қатысы бары белгілі болды. 

«Саудагерлер» мен «сатып алушылар» еліміздің әртүрлі қалаларында тұрған. Аталған дерек бойынша кәмелетке толмағандарды сату бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бес күдікті ұсталып, бәрі қамауға алынды, - деді Қанат Нұрмағамбетов.

Еске сала кетейік, бұған дейін жезөкшелікпен айналысатын притон ұйымдастырған ерлі-зайыптының ұсталғаны туралы жазған болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы