Синоптиктер 2 маусым, жексенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Ел аумағының басым бөлігіне әлі де атмосфералық фронттар өз әсерін тигізеді.
Осыған байланысты найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, күндіз шығыста қатты жауын болады.
Тек еліміздің оңтүстігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Республика бойынша жел күшейеді, солтүстікте, оңтүстік-батыста түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.
Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында, Түркістан облысының орталығы мен солтүстік-шығысында, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысы мен оңтүстігінде, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.
Түркістан, Атырау, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады.