2 градусқа дейін жылынады. Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер еліміз бойынша алдағы үш күнге, 26-28 қаңтарға арналған ауа айы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

25 Қаңтар 2023 2023, 11:09
АВТОР
 25 Қаңтар 2023 2023, 11:09
25 Қаңтар 2023 2023, 11:09
1000

Синоптиктер еліміз бойынша алдағы үш күнге, 26-28 қаңтарға  арналған ауа айы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елдің батысына, оңтүстігіне және оңтүстік-шығысына атмосфералық қысымның жоғарылау өрісі әсер етеді, осыған байланысты жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады. 

Қазақстанның қалған аумағы әлі де атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болады, жаяу бұрқасын болып қар жауады және жел күшейеді.

Республика бойынша температуралық фонда елеулі өзгерістер күтілмейді, алайда елдің оңтүстік-шығысында ауа температурасының күндіз 3 аязға-2 жылыға, солтүстік және таулы аудандарда – 8 аязға дейін біртіндеп көтерілуі болжанады.

Наверх