Қар жауған күндері 2-ақ сағат ұйықтайтын әкім орынбасары қызметінен кетті

27 Шілде 2020, 15:51
23609
Бөлісу:
Қар жауған күндері 2-ақ сағат ұйықтайтын әкім орынбасары қызметінен кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев басқа жұмысына ауысуына байланысты қызметінен кетті.

Алтынбек Қайсағалиев бірнеше жылдан бері Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің орынбасары болып жүр. Бұған дейін екеуі Орал қаласы мен Батыс Қазақстан облысының әкімдігінде бірге жұмыс істеген.

Алтынбек Қайсағалиев 1987 жылы дүниеге келген.  Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «құрылысшы» мамандығы бойынша бітірген.  2010 ж. - Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін, "мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша тәмамдаған. 2011 ж. - Бат университеті (Ұлыбритания), "Болашақ" бағдарламасының түлегі, Менеджмент, инновация және технологиялар саласындағы жаратылыстану ғылымдарының магистрі.

Алтынбек Қайсағалиев танымал жүргізуші, актриса Нұрбигүл Егізованың жұбайы. Eкеуiнің ұлы бар. 

Көктем айында актриса карантин талабын бұзып, 26 500 тг айыппұл төлеген еді.

3 мамыр күні елорданың біріндегі шаштаразға барған Нұрбигүл Егізованың басы дауға қалған болатын. Желі қолданушылары Нұр-Сұлтан қаласының әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиевтің жары карантин кезінде шашын ретке келтіргені үшін киліккен еді.

Алтынбек Қайсағалиев қыста Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында қар жауған күні 2 сағат қана ұйықтайтынын айтқан еді.

Егер менің Instagram парақшамды қадағалап көрсеңіз, онда менің жұмыс күнім түнгі сағат үш-төрттерде аяқталатын көресіз. Ұйықтауға екі-үш сағат қана қалады. Таңертең жетіде оянып, 15 минуттан кейін үйден шығамын. Қар жауған күні мен 2 сағаттай ғана ұйықтаймын. Алғашқы қар жауған күндері мен бес күн бойы ұйықтамадым. Шын айтам. Instagram-ға мен коммуналдық қызметтердің күндізгі және түнгі жұмысынан көрініс беретін фотосуреттер мен бейнежазбаларды салып отырамын. Парақшамды өзім жүргіземін, - деген болатын ол.
Өзгелердің жаңалығы