2-4 желтоқсанда ауа райы құбылмалы болады

1 Желтоқсан 2021, 15:29
797
Бөлісу:
2-4 желтоқсанда ауа райы құбылмалы болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертеңнен бастап еліміздің батыс және солтүстік аудандарында жауын-шашын, боран күшейеді. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады. 

Синоптиктердің болжауы бойынша, 2-4 желтоқсан күндері елімізде ауа райы құбылмалы болады. 

2 желтоқсаннан бастап Қазақстанның батыс және солтүстік аудандарына циклон әсер етеді, солайша мұнда жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі. 4 желтоқсанда Қара теңіз аудандарынан антициклон шығарылған сайын, жауын-шашынның тоқтауы және түнде ауа температурасының аздап төмендеуі болжанады: батыста 0…5 градус аяз, солтүстікте және орталықта 5...15 градус аяз, елдің оңтүстік және оңтүстік-шығыс жартысында 0...10 градус аязға дейін күтіледі, - делінген хабарламада.
Өзгелердің жаңалығы