19 жылдан астам жатақханада тұрған астаналық үймен қамтамасыз етіледі

6 Қараша 2024, 15:06
332
Бөлісу:
19 жылдан астам жатақханада тұрған астаналық үймен қамтамасыз етіледі
Фото: Артём Чурсинов - архив

Жоғарғы сот әкімдікке 19 жылдан астам жатақханада тұрған астаналықты тұрғын үймен қамтамасыз етуді міндеттеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

66 жастағы елорда тұрғыны ұлымен 1993 жылдан бері Астана көшелерінің бірінде орналасқан жатақханада тұрып жатыр. 1999 жылы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру жөніндегі аумақтық комитеті жекешелендіруге берілген мемлекеттік тұрғын үй қорларының тізіміне жатақхана бөлмелерін енгізді.

2023 жылы әкімдік апатты тұрғын үй құрылысы ретінде реквизиция арқылы мәжбүрлеп иеліктен шығаруға жатады деп танылды. Сол жылы әкімдік комиссиясы астаналық әйел мен оның ұлына құқық белгілейтін құжаттары болмағандықтан жаңа тұрғын үй беруден бас тартып, тұрғын үйді босату туралы хабарлама жіберген. Астаналықтың талап қоюы МАӘС-ымен және апелляциямен қанағаттандырылды: әкімдікке оны тұрғын үймен қамтамасыз ету міндеті жүктелді, - делінген хабарламада.

Әкімдік бұл шешімді кассациялық тәртіпте даулады.

Жоғарғы соттың Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы (ӘІЖСА) істі қарай отырып, мынаны көрсетті:

- 1993 жылы даулы бөлме 19 жылдан астам тұрып жатқан және оны күтіп-ұстау ауыртпалығын көтеретін талап қоюшыға жұмыс орны бойынша берілген;

- талап қоюшының меншігінде тұрғын үйі жоқ және жасы бойынша зейнеткер ретінде тұрғын үй мәселесін өз бетімен шеше алмайтын, тұрғын үйге мұқтаж халықтың әлеуметтік осал топтарына жатады;

- комиссияның даулы шешімі әкімшілік рәсімдердің міндеттері мен қағидаттары ескерілмей қабылданған, өйткені талап қоюшы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 68-бабының, 5-тармақшасына сәйкес жасына байланысты тұрғын үйге мұқтаж халықтың әлеуметтік осал топтарына жататындығы сенімді түрде анықталған;

- талап қоюшының бұзылған ғимаратта 19 жылдан астам тұрғанын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың болмауы оған тұрғын үй беруден бас тартуға негіз болып табылмайды, өйткені мемлекет (мемлекеттік органдар) тұрғын үй мәселелерін шешуге басқа мүмкіндігі жоқ халықтың әлеуметтік осал топтары өкілдерін тұрғын үймен қамтамасыз етуге міндетті.

Осыны ескерген ӘІЖСА іс бойынша шығарылған сот актілерін күшінде қалдырды.

Өзгелердің жаңалығы