21 сәуірде теледидар мен радио уақытша жұмыс істемейді

17 Сәуір 2023, 17:27
1713
Бөлісу:
21 сәуірде теледидар мен радио уақытша жұмыс істемейді
Фото: inform.kz

«Қазтелерадио» АҚ жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында жоспарлы профилактикалық жұмыс жүргізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осыған байланысты 21 cәуір сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілер телерадио хабарларын таратуды уақытша тоқтатады.

Компания уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрайды.

Өзгелердің жаңалығы