Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 19 қазан күні республика аумағында ауа райы жылы, ашық болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Республиканың басым бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек шығыста атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты түнде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Күндіз батыста, солтүстік-батыста циклон әсерінен жаңбыр жауады. Еліміздің кей жерінде тұман түсуі мүмкін. Шығыста түнде көктайғақ болуы ықтимал.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.
Түнде Шығыс Қазақстан, таңертең және күндіз Ақмола, күндіз Жамбыл, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Атырау, түнде және таңертең Қостанай облыстарының кей жеріне тұман түсуі мүмкін.
Түнде Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерінде минус 1 градус суық болады.