19 елдің оқушылары қатысқан олимпиада аяқталды

9 Желтоқсан 2024, 19:11
288
Бөлісу:
19 елдің оқушылары қатысқан олимпиада аяқталды
Фото: Fizmat Academy

Әлем бойынша 19 елдің басын біріктірген FEMO International олимпиадасының қысқы кезеңі қорытындыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Fizmat Academy және Республикалық физика-математика мектебінің ұйымдастыруымен биыл VII мәрте өткізілген білім додасына 2500 жуық оқушы қатысты. Отандық олимпиадаға Қазақстанмен қатар Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Германия, Ұлыбритания, АҚШ, Беларусь, Түркия, Сауд Арабиясы, Грузия, Тәжікстан, Австрия, Испания, Коста-Рика, Норвегия сынды елдердің жас математиктері ерекше қызығушылық танытқан. 

Қазақстан бойынша Астана, Алматы, Орал, Ақтау, Атырау, Шымкент, Павлодар, Өскемен қалалары мен Әзірбайжан, Қырғызстан, Германия және Тәжікстан елдерінің оқушылары олимпиадаға оффлайн қатысса, өзге өңірлер мен елдердің 1-5 сынып оқушылары олимпиада тапсырмаларын онлайн орындауға мүмкіндік алды.

Femo International-дың ұйымдастыру комитеті олимпиада нәтижелері қатысушылардың электрондық мекенжайларына 2024 жылдың 17 желтоқсанында ал 18 желтоқсанда сертификаттар мен дипломдар жіберіледі.

2024 жылдың 19-20 желтоқсан күндері жеңімпаздар мен жүлдегерлердің жарияланады.

Өзгелердің жаңалығы