Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бортында 180 жолаушы болған украиналық лайнер апатқа ұшырады. Бұл туралы Tasnim агенттігі хабарлады.
Ұшақ апаты Иран астанасы Тегеранның Имам Хомейни атындағы халықаралық әуежайында "техникалық проблемалардың" салдарынан болды.
Оқиғаның болғанын әуежай басшысы растады. Оның айтуынша, лайнер ұшқаннан кейін апатқа ұшыраған.
Рейтер агенттігінің хабарлауынша, ұшақтың маркасы Boeing 737 болған.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Иран АҚШ-тың Ирактағы бірнеше нысанына шабуыл жасаған болатын.