180 бейнебақылау орнатылған ауыл

2 Қаңтар 2020, 10:54
3058
Бөлісу:
180 бейнебақылау орнатылған ауыл

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысының Новосельское ауылында соңғы жылдары ұрлық-қарлық деген мүлдем тіркелмеген. Тұрғындардың айтуынша, бұған елді мекенде орнатылған бейнебақылау камералары сеп болып отыр. 

24.kz арнасының мәліметінше, олардың саны 130-ға жуық. Мұншама көп қондырғыларды жергілікті кәсіпкер соңғы бірнеше жылда орнатқан. 

Жаңа жыл қарсаңында ауылда шағын жедел басқару орталығы ашылып, камералардың барлығы енді учаскелік полицияның басқаруына берілді. Ал бейнебақылау камералары ауылдың кіреберісінен бастап, басты көшелерге, әлеуметтік нысандардың маңайы мен халық көп жүретін жерлерге орнатылған. Сонымен қатар мұндағы әр дүкеннің алдына кәсіп иелері өздері де бөлек камера қойған. Олардың саны - 50-ден асады. 

Осылайша, 1 мыңға жуық халқы бар ауыл бейнебақылау қондырғыларымен толықтай дерлік қамтамасыз етіліп отыр. 

Бейнекамералар менің қалта телефоныма да қосылған. Сондықтан мен кезкелген уақытта ауылда не болып жатқанын көре аламын. Жалпы бейнекамералардың қылмыстың алдын алуда көмегі өте зор - дейді учаскелік полиция инспекторы Жалғас Жәбікеев.
Өзгелердің жаңалығы