180 астаналық 150 миллион теңгесінен айырылды

23 Мамыр 2022, 08:45
1084
Бөлісу:
180 астаналық 150 миллион теңгесінен айырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметінше, соңғы кездері алаяққа алданғандар азаймай отыр. Биыл елорданың 180-нен астам тұрғыны алаяқтарға алданып қалған. Жалпы материалдық шығын 150 миллион теңгеден асады.

Мәселен, астанадағы Сарыарқа ауданының полиция бөліміне сағат 11.50-де белгісіз біреудің өзін экономикалық қылмыс бойынша «Ұлттық банк қызметкерімін» деп таныстырып, 3 млн 455 мың теңгесін қолды еткенін айтып шағымданған.

Күдікті жәбірленушіге оның жинағын «сақтап қалу үшін» Бейбітшілік көшесіндегі «Центр Кредит» банкіне ақша аудару керектігін түсіндірген.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция банк қызметкерлері жеке дерек, жинақтағы ақша туралы тұрғындарға ешқашан қоңырау шалмайтынын ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы