Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 18 желтоқсан күні республиканың басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі, солтүстікте қар жауады. Солтүстік-шығыста және шығыста күн ашық, жауын-шашынсыз болады. Жекелеген өңірде тұман, көктайғақ, екпінді жел сақталады.
"Қазгидромет" РМК-дан хабарлағандай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болжанады. Қостанай облысында, күндіз Батыс Қазақстан, Актөбе облыстарында бұрқасын болып, желдің күші 15-20 м/с артады.Қызылорда облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, желдің екпіні 15-20 м/с артады. Жамбыл облысының кей жерінде көктайғақ күтіледі.
Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерінде тұман, күндіз жаяу бұрқасын жүреді.
Қарағанды облысында сондай-ақ көктайғақ болады.
Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз Жалаңашкөл аумағында жел 18-23 м/с артады.