«18 жасқа дейінгі адам». Әлем елдері балалардың құқығын қалай қорғайды?

31 Тамыз 2020, 12:55
7277
Бөлісу:
«18 жасқа дейінгі адам». Әлем елдері балалардың құқығын қалай қорғайды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Балаларды қорғау десек 1 маусым балаларды халықаралық қорғау күні ойға оралады. Алайда бала мен оның құқығын қорғау - әрбір мемлекеттің бақытты болашағының кепілі. Осы орайда әлем елдерінің тәжірибесіне үңілсек.

Әлемде балалардың құқығы туралы алғаш рет 1924 жылы ұлттар лигасы Женева бала құқықтарының декларациясын қабылдаған кезде айтылды. Бұл құжаттың пайда болуына сол жылдары балалар еңбегін пайдалану мен кәмелетке толмағандар саудасының жолын кесу қажеттілігі әсер етті. Содан бастап әлемдік қауымдастық балалардың құқығын қорғаудың мүмкіндіктерін кеңейте бастады. Олардың негізгісі — БҰҰ Бас Ассамблеясы 1989 жылғы 20 қарашада қабылдаған «БҰҰ Бала құқықтары туралы Конвенциясы». Содан бері БҰҰ құрамына енетін әрбір ел өз халқының ерекшелігін, мәдениетін ескере отырып, осы құжатты ратификациялады.

 АҚШ

Америка Құрама Штаттарының заңнамасында "бала" термині "18 жасқа дейінгі адам" дегенді білдіреді. Балалар АҚШ азаматтарының ел Конституциясы және федералды және мемлекеттік заңдармен бекітілген негізгі құқықтарына ие.

Елде әр баланың қауіпсіз ортаға, жақсы тамақтануға, денсаулық сақтау мен білім алуға құқығы бар. Ата-аналар балаларының негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыруы керек.

Білім алу құқығын қамтамасыз ете отырып, АҚШ-тың федералды заңнамасы оқу орындарын балаларға ұлты мен жынысына қарамастан, жасына және қабілетіне сәйкес толыққанды білім беру, сапалы тамақтану мен медициналық көмек көрсетуді міндеттейді. Заңдарда мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарын қорғауға көп көңіл бөлінген. Психологиялық көмек балаларға да, ата-аналарға да көрсетіліп, білім беру жұмыстары жүргізіледі.

АҚШ-тағы балалар 14 жастан бастап жұмыс істей алады. АҚШ федералды заңы Fair Labor Standards Act (әділ еңбек нормалары туралы заң) жұмыс күнін нормалау және жұмыс істейтін жасөспірімдердің әл-ауқатын қамтамасыз ету мәселелерін реттейді. Заң кәмелетке толмаған жұмысшыларды қорлаудан және олардың еңбегін пайдаланудан қорғайды. Балалар еңбегі туралы ережелер жастардың білім алу құқығын қорғайды және балалардың денсаулығына қауіпті жұмыс орындарына жұмысқа орналасуына тыйым салады.

14 жастан асқан бала туыстары немесе асырап алған ата-аналарының қамқорлығынан ресми түрде бас тарта алады. Бұл заңды процесс кәмелетке толмаған баланы босату деп аталады. Бала 18 жасқа толғанға дейін некеге тұрса, әскери қызметке кірсе немесе заңды түрде өмір сүретінін және ақшаны өзі басқаратынын дәлелдеп, эмансипация декларациясын алса босатылады.

 Франция

Франциядағы балаларды қорғаудың заманауи жүйесі әкімшілік және сот саласында жұмыс істейді. Кәмелетке толмағандарды әкімшілік қорғау ұлттық деңгейде жүзеге асырылады, балаларды қорғауды қаржыландыруды бас кеңес қамтамасыз етеді.

Бұл жерде баланың тағдыры шешілмейді, бірақ физикалық және қаржылық қамқоршылық бар. Қорғаудың сот жағы департаменттер деңгейінде әрекет етеді және оны сот төрелігі министрлігі қамтамасыз етеді. Бұл ретте баланың одан әрі тағдыры туралы шешімді балалар судьясы мен республика прокуроры қабылдайды.

Кез келген жүйенің өзіндік қиындықтары бар. Сарапшылардың пікірінше, француздық балаларды қорғау жүйесі күрделі. Бірақ осыған қарамастан, Франциядағы балаларды қорғау тиімді жұмыс істейді.

Германия

Германияда ата-аналардың немесе қамқоршының балаларды қорлауға және оларға күш қолдануға құқығы жоқ, бұл үшін олар қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін. 16 жасқа дейінгі балаларды қараусыз қалдыруға тыйым салынады. Ата-аналар қысқа уақытқа дүкенге барса да, оларға айыппұл салынуы мүмкін. Баласы жоқ ерлі-зайыптылар немесе бала асырап алмағандар қоғамда наразылық тудырады дейді. Сондықтан әйелдің алдында таңдау тұрады: мансап құру немесе уақытын бала тәрбиесіне арнау.

Баласы бар адамдарға әртүрлі жеңілдіктер қарастырылған.

Бұл әйелге де, еркекке де баруға болатын үш жасқа дейінгі декреттік демалыс, бір жасқа дейінгі балаға арналған арнайы жәрдемақы (оның мөлшері жалақыға байланысты), босанғаннан кейін бірден төленетін сақтандыру және 18 жасқа дейінгі әр бала үшін шағын, бірақ тұрақты өтемақы төленеді. Бұл төлем баланың оқуына қарай ұзартылуы мүмкін.

Ресей

Ресей балалық шақты адам өмірінің маңызды кезеңі деп таниды. Балаларды қоғамдағы толыққанды өмірге дайындаудың басымдығы олардың әлеуметтік маңызы бар және шығармашылық белсендігін дамыту, оларда жоғары адамгершілік қасиеттерді, патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу принциптерінен туындайды.

Ресей үшін бала қазіргі қоғамның баға жетпес капиталы болып табылады, себебі ұрпақтар мен ұрпақтар арасындағы өзара түсіністік - болашақтың кепілі, бүгінгі ұрпақтың ұрпақтар алдындағы жауапкершілігі.

Бала құқықтарын қорғаудың мемлекеттегі тетігі - бұл оның құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету үшін қолданылатын әлеуметтік-құқықтық құралдар жүйесі.

Ресейде бала 15 жасқа толғаннан кейін жұмысқа орналаса алады. Бірақ жұмысқа бос уақытта (мысалы, жазғы, қысқы демалыс) рұқсат етіледі. 14 жастағы балалардың жұмысқа араласуы ата-аналардың немесе балалардың құқығын қорғау органдарының рұқсаты арқылы жүзеге асырылады. Олардың еңбегін жеңіл жұмысты орындау үшін ғана пайдалануға болады.

Қазақстан

Қазақстан 1994 жылы «БҰҰ Бала құқықтары туралы Конвенциясын» қабылдау арқылы балалардың құқықтарын қорғауға уәде берді.

Қазіргі уақытта әрбір қазақстандық баланың толық көлемде білім алуға мүмкіндігі бар. Дегенмен, Конвенцияда баяндалғандай баланың барлық құқықтары толық көлемде іске асырылмайды. Проблемалар назардан тыс қалу қаупі бар балалардың белгілі бір санаттарына қатысты. Айта кету керек, аталған мәселелер – Орталық Азияның барлық елдері үшін өзекті. Бұл балаларды қатыгез қарым-қатынастан қорғау, көші-қон үдерістерінде балаларға көмек көрсету, әлеуметтік жұмысты дамыту, интернат мекемелеріндегі балалар және отбасын қолдауға арналған балама бағдарламалар мен қызметтерді дамыту, даму ерекшеліктері бар балаларды сапалы біліммен қамтумен тікелей байланысты. Қазақстанның қарқынды экономикалық дамуы тұрғылықты жерге байланысты теңсіздіктің пайда болуына алып келді. Мәселен, қала мен ауыл экономикасы арасындағы айырмашылық анағұрлым айқын. Әлеуметтік жетімдік немесе биологиялық ата-аналар тірі тұрып, өз баласын тәрбиелеу және күтумен айналыспайтын жағдайлар проблемаға айналды. Ата-ана құқықтарынан айыру көрсеткіші жоғары, 2017 жылы ол 3 153 оқиғаны құрады. Қазақстанда бала 1 жасқа толғанға дейін төлемақы беріледі. Ата-аналар 3 жылға дейін декреттік демалысқа кете алады. Біздің еліміздің жағдайында көбінесе аналары кетеді.

 

 

 

 



Өзгелердің жаңалығы