18 тамызға арналған ауа райы болжамы

18 Тамыз 2020, 08:30
1441
Бөлісу:
18 тамызға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан аумағының басым бөлігінде циклон өтуімен байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Кей жерде жаңбыр жауады, найзағай күтіледі, оңтүстік-шығыс таулы аймақтарда қатты жаңбыр жауады. Тек оңтүстік-батыста ауа райы көбінесе жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерінде жел күшейеді, тұман, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, елдің батысында, оңтүстік-батысында шаңды дауыл күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман күтіледі, күндіз басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, кей жерде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.

Ақмола, Жамбыл, облыстарының кей жерінде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерінде жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді. Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді, Қостанай, Қарағанды облыстарында тұман күтіледі. Қызылорда, Атырау облыстарының күндіз кей жерінде шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Павлодар облысында бұршақ жаууы ықтимал. Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, күндіз Ақтөбе облысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының шығысында, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.



Өзгелердің жаңалығы