18 наурызға арналған ауа райы болжамы

18 Наурыз 2022, 06:40
1309
Бөлісу:
18 наурызға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 18 наурыз, жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Оңтүстіктің таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республиканың тек солтүстігінде ашық күн райы қалыптасады. Ел бойынша желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады. Оңтүстікте сондай-ақ найзағай күтіледі.

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстік-шығысында, таулы аудандарда – көктайғақ, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда - 15-20 м/с жылдамдықта жел болжанады. Оның екпіні кейде 23-28 м/с күшейеді.

Түркістан облысының таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман, найзағай күтіледі. Облыстың батысы мен солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының шығысында, орталығында жаяу бұрқасын болжанады. Күндіз-желдің күші 15-20 м/с артады.

Қызылорда облысының солтүстігінде – тұман, орталығында 15-20 м/с жылдамдықта жел болады. Түнде облыстың оңтүстігінде көктайғақ күтіледі.

Ақтөбе облысының шығысында түнде 16 м/с жылдамдықпен жел соғады, облыстың оңтүстігінде түнде тұман күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстігінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, солтүстік-шығысында тұман болады.

Ақмола облысының оңтүстік-шығысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Алматы облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының солтүстігінде, түнде Атырау облысының батысында тұман болады.

 

Өзгелердің жаңалығы