Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа қарсы күрес орталығы бастығының орынбасары Рүстем Дүйсетаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Айтуынша, қазіргі таңда азаматтардың ақшасын алдау жолымен заңсыз иемдену қылмыстардың ен көп тараған түріне жатады.
Сондықтан алаяқтықтарға қарсы іс-қимыл мәселелері қазіргі таңда елімізде және бүкіл әлемде орын алып отырған өзекті мәселелердің бірі ретінде қалып отыр. Алаяқтар азаматтарды алдау үшін әртүрлі амалдарды қолданады. Сол себептен, осындай қылмыстардың саны жылдан жылға көбейуде. Ақпараттық технология күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Өкінішке қарай, соған байланысты киберқылмыс, әсіресе интернет-қолданушыларға қатысты алаяқтық қылмыстары артқан, - деп атап өтті орталық өкілі.
Айтуынша, жыл басынан бері мұндай қылмыс 18 мыңға жеткен.
Жыл басынан бері 17,5 мың қылмыс тіркелді. Осы орайда бұл былтырғы көрсеткіштен төмендеу. Алаяқтардың әрекеттерінің кесірінен азаматтарға 15 млрд теңге сомасына зиян келген, - деді Рүстем Дүйсетаев.
Соның ішінде ол ең көп таралған тәсіл – онлайн-сауда екендігін басып айтты. Жарты жылда мұндай әдіспен 6 мың алаяқтық жасалған.
Банктер мен микроқаржы ұйымдарында 2,8 мың жалған онлайн-қарыз рәсімдеу дерегі тіркелді. 1400 жағдайда олар инвестиция, ұтыс тігу, ойын сынды түрлі бағытта ақша салу үшін алғылары келгендіктен жасаған, - деді ведомство өкілі.