171 елді мекенді су басу қаупі бар – ТЖМ

7 Сәуір 2021, 13:31
1507
Бөлісу:
171 елді мекенді су басу қаупі бар – ТЖМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Елімізде су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы» тақырыбы аясында өткен онлайн брифинг кезінде ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің бастығы Рустамбек Амрин айтты.

Оның сөзінше, Су ресурстары комитеті және «Қазгидромет» мекемесі бірлесіп, ақпаратты жедел алу және басқару шешімдерін қабылдау үшін бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірлеген.

Елдің оңтүстік өңірлерінің жазық аумағы мен өзендері қар, мұзсыз болғандықтан, су тасқыны қаупі барынша азайтылды. Алайда Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Түркістан облыстарының таулы жерлерінде қар әлі де бар, қардың еруі тау өзендеріндегі су тасқынына әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, ауа райы жағдайына байланысты 43 мыңнан астам адам тұратын 171 елді мекенді су басу қаупі бар, - деді ол.

Биыл 7 сәуірдегі жағдай бойынша су басудың жекелеген жағдайлары Ақмола, Алматы, Атырау, ШҚО, БҚО, Жамбыл және Қостанай облыстарында, Нұр-Сұлтан қаласында байқалды. Нәтижесінде 15 елді мекеннің, 3 тұрғын үйдің көшелері мен аулаларын су басты, автомобиль жолдары арқылы 6 еріген қар суы ақты.

ТЖМ ахуалдық залында 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап су тасқынына қарсы Республикалық жедел штаб жұмыс істейді. Ақмола, Ақтөбе, ШҚО, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және СҚО-да осындай штабтар ұйымдастырылған. Жағдайды пайдалана отырып, тұрғындарға су тасқыны сипатындағы мәселелер туындаған жағдайда ТЖМ жедел штабына мына телефондар бойынша хабарласуға болатынын хабарлағым келді:
559-637, 323-286. Бірыңғай қысқа нөмір бар – 112, - деді спикер.

Өзгелердің жаңалығы