17 наурыз – Тарихқа тағзым күні

17 Наурыз 2021, 16:38
8967
Бөлісу:
17 наурыз – Тарихқа тағзым күні

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін - елімізде Наурыз мерекесін тойлау онкүндігі аясында тарихқа тағзым күні. Осыған орай әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Тарихқа тағзым: жаңару мен жаңғыру» атты онлайн форматта республикалық жиын өтті. 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында Наурыз мейрамының тұжырымдамасын жаңаша әзірлеп, көктем мерекесінің мазмұнын әзірлеуді тапсырған. Соған орай елімізде Наурыз мерекесін атап өтудің онкүндік тұжырымдамасы әзірленген. Онда 17 наурыз – Тарихқа тағзым күні деп бекітілген.

Аталған жиын барысында тарих, археология және этнология факультетінің оқытушы-профессорлық құрамы, зерттеуші ғалымдар мен студенттер Наурыз мерекесінің қалыптасу жайын талқылады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Тарих, археология және этнология факультетінің деканы Меңдігүл Ноғайбаева елімізде қоғамдық сананы жаңғырту бойынша үлкен жұмыстар қолға алынып жатқанын айтады.

Осы істердің келелі бір бағыты ретінде Наурыз мерекесін жаңаша тойлау тарлы тұжырымдама жасау меселесі қойылған. Наурыз мерекесінің онкүндік тұжырымдамасына сәйкес, соның үшінші күні, яғни 17 наурыз - Тарихқа тағзым күні деп белгіленген. Соның аясында университетіміздегі тарихшылар, этнограф ғалымдар, археолог, лингвистер, әдебиетшілер бас қосып отыр. Біз жаңа концепцияның мән, мағынасы қандай болады, Тарихқа тағзым күнін көпшілікке қалай жеткіземіз, қандай мәселелерге назар аудару керек деген мәселе төңірегінде сөз қозғадық,-дейді декан.

Сонымен қатар ол жиын барысында еліміздің Тәуелсіздігі жолында құрбан болған, сол жолда қызмет еткен Алаш қайраткерлері, оған дейінгі Ұлы даланың орта ғасырлар тұсында Тәуелсіздік үшін күрескен қайраткерлердің өмірі, тарихи тағылымы сөз етілгенін жеткізді.



Өзгелердің жаңалығы