16 маусымға арналған ауа райы болжамы

16 Маусым 2024, 05:48
511
Бөлісу:
16 маусымға арналған ауа райы болжамы
Фото: архив

Қазгидромет жексенбі, 16 маусымға арналған жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, алты облыста қатты ыстық болады.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктер ықпал етеді. Найзағай ойнап, еліміздің шығысында нөсер жаңбыр, бұршақ жауады. Тек оңтүстігінде және республиканың орталығында антициклон ықпалымен ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Республика бойынша жел күшейеді.

Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде, Қызылорда облысында күн қатты ысиды.

Ұлытау, Жамбыл, Алматы облыстарында, Батыс Қазақстанда, Ақтөбенің орталығында, Маңғыстау жағалауында, Ақмоланың оңтүстік-батысында, Жетісудың солтүстігінде, Абай облысының орталығында, Қарағандының орталығында, батысында, Қостанайдың оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының солтүстік-батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстанның батысында, Ақтөбенің оңтүстігінде, батысында, шығысында, Жамбылдың оңтүстігінде, Алматының орталығында, Қостанайдың оңтүстігінде, Қарағандының оңтүстігінде, Жетісудың шығысында, Абай облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында төтенше өрт қаупі бар.

Өзгелердің жаңалығы