Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенбіде республиканың басым бөлігінде антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күіледі, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
Тек солтүстік-батыс, солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс бөлігінің тауларында кей жерде қар жауады. Кей жерде жел күшейеді, көктайғақ, тұман, жаяу бұрқасын күтіледі.
Ақмола облысының кей жерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысында екпіні 23 м/с. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде жаяу бұрқасын, күндіз кей жерде көктайғақ күтіледі, басым бөлігінде жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, жаяу бұрқасын, түнде жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. Павлодар, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, Қостанай облысының кей жерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.