16 адам эвакуацияланған: Павлодарда тұрғын үйдің бірінші қабатындағы дүкен өртенді

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

 BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов Кеше 2026, 23:55
Кеше 2026, 23:55
181
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Павлодар қаласында өрт сөндірушілер тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан балық аулау дүкенінде шыққан өртті жедел сөндірді.

Оқиға Малайсары батыр көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйде болған. 101 қызметіне дүкеннен түтін шығып жатқаны туралы хабарлама түскеннен кейін, оқиға орнына ТЖМ күштері жедел жетіп, өртті сөндіру жұмыстарына кірісті.

Өрт сауда залы мен қойма бөлмесін шарпыған. Түтіннің тұрғын үйге таралу қаупіне байланысты құтқарушылар кіреберістен 16 адамды, оның ішінде 4 баланы қауіпсіз жерге эвакуациялады.

Өрт қысқа уақыт ішінде толық сөндірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Наверх