157 мың жолаушы теміржол билеттерін «Күту парағы» арқылы сатып алды

6 Қараша 2023, 20:02
616
Бөлісу:
157 мың жолаушы теміржол билеттерін «Күту парағы» арқылы сатып алды
Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

2023 жылдың 10 айында 157 мыңнан астам жолаушы bilet.railways.kz. сайтындағы «Күту парағы» сервисінің арқасында теміржол билеттерін сатып алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы қызмет бойынша барлығы 453 мыңнан астам бос орын ұсынылды.

«Күту парағы» қызметі жолаушыға еркін сатылымда билет болмаған кезде пойыз жөнелтілгенге дейін 7 күннен ерте емес және 2 сағаттан кешіктірмей кезекке тұруға мүмкіндік береді. Бос орындар пайда болған кезде жолаушы орындарды сатып алу қажеттілігі туралы ақпаратты жеке кабинеті, сондай-ақ SMS хабарлама арқылы алады.

Бұл қызмет bilet.railways.kz сайтында жұмыс істейді, сондай-ақ оны тегін негізде билет кассасында пайдалануға болады.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі және «KTZH_PP_BOT» Телеграмм боты арқылы алуға болады.

Өзгелердің жаңалығы