150 мың теңге айлық алсаңыз, декретте қанша жәрдемақы төленуі мүмкін?

29 Шілде 2022, 13:25
3006
Бөлісу:
150 мың теңге айлық алсаңыз, декретте қанша жәрдемақы төленуі мүмкін?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру» қорының бас директоры Нұрсұлу Кемел мәлімдеді. 

Әлеуметтік төлем мөлшері азаматтардың орташа айлық жалақысының мөлшері мен жүйеге қатысу өтіліне байланысты. Мәселен, бірінші жартыжылдықта жүктілікке байланысты төлемнің орташа мөлшері 694 мың теңгені құрады. Бір жасқа дейінгі бала күтіміне төленетін төлемнің орташа мөлшері – 41 мың теңге. Асыраушысынан айырылуына байланысты төленетін сома 38 мың теңгенің шамасында. Ал еңбек қабілеттілігін жоғалтқан жағдайда 37 мың теңге төленеді. Жұмысы мен тұрақты табысын жоғалтқан жағдайда ел тұрғындары 41 мың теңгедей төлем алады, - деп атап өтті қор басшысы. 

Сонымен қатар ол әйел адам декреттік демалысқа шыққан жағдайда 1 жыл бойы қанша жәрдемақы алуы мүмкіндігіне мысал келтірді.

Егер орташа жалақы 150 мың теңге деп есептесек, оның 40%-ы 60 мың теңгені құрайды. Яғни бала күтіміне байланысты төленетін әлеуметтік төлемнің сомасы 60 теңге, - деді Нұрсұлу Кемел.

Өзгелердің жаңалығы