150 млн жылдық динозаврдың қаңқасы бәссаудаға қойылды

10 Қыркүйек 2022, 09:49
1063
Бөлісу:
150 млн жылдық динозаврдың қаңқасы бәссаудаға қойылды

Парижде 150 млн жылдық динозаврдың қаңқасы бәссаудаға қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Euronews.com агенттігі таратқан деректерге сәйкес, оның құны 400-ден 500 мың еуро аралығында бағаланып отыр.

"Зефир" атты камптозаврдың ұзындығы - 3метр, биіктігі - 130 см. 2019 жылы Колорадода табылған.

Айта кетерлігі, шілде айында АҚШ-та сирек кездесетін динозаврдың қаңқасы 6 млн доллардан асатын бағаға сатылған болатын. Былтыр америкалық коллекционер ірі белгілі тас трицератопсын рекордтық 6,6 млн еуроға сатып алған.

Өзгелердің жаңалығы