15 жылдан бері іздеуде жүрген қылмыскер түрмеде отырған болып шықты

26 Ақпан 2024, 10:53
998
Бөлісу:
15 жылдан бері іздеуде жүрген қылмыскер түрмеде отырған болып шықты
VIDEO
Фото: Polisia.kz

15 жылдан бері іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

2009 жылы ер адам Павлодар полициясына жүгініп, жұбайының жоғалып кеткені туралы хабарлаған. Оның айтуынша, ол құрбысына кетіп, қайтып оралмаған.

Жоғалған адамды іздестіру жұмыстары бірден басталды. Қазақстан мен көрші мемлекеттің өңірлеріне бағдар берілді. Бір жылдан кейін көлден әйелдің мәйіті табылды.

Геномдық сараптама жоғалған павлодарлықтың жеке басын растады. Тергеу барысында кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы жылдар ішінде іс бойынша түрлі іс-шаралар өткізілді. Бірақ қылмыскер табылмады. Тергеу басшылықтың ерекше бақылауында болды. Осы жылы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Павлодар облысының полициясы күдіктінің ізіне түсті. Ер адам жанжалдасқанда оны тұншықтырып өлтіргені анықталды. Содан кейін ол әйелдің денесін суға батырды. 

Ол аса ауыр қылмыс жасағаны үшін ұзақ уақыт бойы түрмеде отырғаны анықталды. 2022 жылы шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды. Ол Астанада ұсталды. Қазір қылмыстық іс қайта жанданды. Тергеу жалғасып жатыр, – деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция бастығы Балғабай Қапаров.

Өзгелердің жаңалығы