15 жастағы жасөспірім 14 қабаттан құлап көз жұмды

26 Қыркүйек 2022, 10:20
801
Бөлісу:
15 жастағы жасөспірім 14 қабаттан құлап көз жұмды

2022 жылғы 25 қыркүйекте сағат 18.00-ден 19.00-ге дейінгі уақыт аралығында Павлодар қаласының полициясына 2007 жылы туған кәмелетке толмаған бала құлап, алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған факті бойынша қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән – жайы мен себептері анықталуда, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы