15 жастағы қазақстандық қыз әлем чемпионы атанды

20 Қазан 2022, 02:43
2303
Бөлісу:
15 жастағы қазақстандық қыз әлем чемпионы атанды

16-18 қазанда Түркияның Анталья қаласында өткен қол күресінен әлем чемпионаты өтті. Чемпионатта 15 жастағы маңғыстаулық жасөспірім чемпион атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлем чемпионатына 54 елдің үздік спортшылары қатысып, Гаухардың еңбегі ақталып, чемпион болды. Ендігі кезекте Гаухарды ересектер арасындағы жарыстарға дайындап, алдағы уақытта сол жарыстарда үздік нәтиже көрсету үшін жұмыстанатын боламыз, - дейді спортшының бапкері Мустафа Нарымбаев.

Гаухар Жанғазының спортпен айналысып жүргеніне 7-8 жылдай уақыт болды. Ол осы әлем чемпионатына 1 жыл дайындалған. Тыңғылықты жаттығудың арқасында әлем чемпионы атанды.

Әлем чемпионаты өзіміз күткендей жоғары деңгейде өтті. Алға қойған мақсатыма жеткеніме қуаныштымын, - дейді Гаухар Жанғазы.

Өзгелердің жаңалығы