15 жастағы қазақстандық футболшы рекорд орнатты

16 Қыркүйек 2021, 23:19
3221
Бөлісу:
15 жастағы қазақстандық футболшы рекорд орнатты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Ақтөбе U-21» командасының футболшысы Аян Байдәулетов 15 жас, 4 ай 10 күнде гол соғып, Қазақстанның екінші лигасында рекорд орнатты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жас футболшы 18-турда «Қыран U-21» командасының қақпасына 87-минутта гол соқты. Шымкентте өткен бұл ойын 2:2 есебімен тең аяқталды.

Бұған дейін Екінші лигада гол соққан футболшы Ислам Әбілқасымов еді. Ол 2019 жылы 15 жас, 5 ай, 5 күнде көзге түскен.

Қазір «Ақтөбе U-21» командасы 17 ұпай жинап, Шығыс және Батыс конференциясында 11-орында келеді. Ал көш басында 24 ұпай жинаған «Қыран U-21» командасы тұр.

Өзгелердің жаңалығы