ҰҚК. 15 өгіздің терісі. Екі тоннаға таяу иесіз жүк

13 Наурыз 2019, 09:13
3504
Бөлісу:
ҰҚК. 15 өгіздің терісі. Екі тоннаға таяу иесіз жүк

Астана, BAQ.KZ. ҚР ҰҚК баспасөз қызметі Шекаралық өткізу бекеттерінде бірқатар заң бұзушылық орын алғаны туралы хабарлады.

«Қорғас шекаралық бақылау отрядының аумағындағы Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығын «Алтынкөл» кеден бекетінің бас маманымен бірге аралап жүріп шекарашылар кеше сағат 10.00-дер шамасында Орталықтан елге кіретін залдан жалпы салмағы 1851 кг иесіз жүк – Қытайда шығарылған халық тұтынатын тауарларды тауып алды» - делінген хабарламада.

Сонымен қатар Ақтөбе шекара отряды Ресейге заңсыз тауар апара жатқан азаматты ұстады.

«Жайсаң-авто» өткізу бөлімшесінде шекара наряды кеше кешкілік біздің елден Ресейге қарай «Мерседес-Бенц» автокөлігімен ешқандай рұқсат құжаттарынсыз 15 дана автокөлікті салқындататын радиаторлар әкетіп бара жатқан 34 жастағы қазақстандықты ұстады» - деп хабарлады Шекара қызметі.

Дәл сол шекара наряды аталған бекетте арада бір сағат өткенде әрқайсысында 1500 кг-дан, жиыны 3000 кг газ қондырғыларының фитингтері тиелген екі «ГАЗ» автокөліктерін тоқтатты. Екі автокөлікте де жүктің құжаттары дұрыс ресімделмеген. Тексеріс жүргізілуде.

«Қордай шекара отрядының «Ауқатты-авто» өткізу бөлімшесінде кеше кешкілік 1970 жылғы Қырғыз Республикасының азаматы ұсталды. Ол Мерседес бенс (Спринтер) автокөлігімен біздің елден рұқсат құжаттарынсыз 15 дана өңделмеген мүйізді ірі қараның терісін алып өтпек болыпты» - дейді шекарашылар.

Жүк актіленіп Қордай аудандық малдәрігерлік қызметіне тапсырылды.
Өзгелердің жаңалығы