15 минутта пәтер сатып алу: аңыз ба, ақиқат па? – Мусин жауап берді

17 Қараша 2021, 10:44
2262
Бөлісу:
15 минутта пәтер сатып алу: аңыз ба, ақиқат па? – Мусин жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Пәтерді сату-сатып алу процесі бірнеше күн уақыт алатын болса, енді оны 15 минутта онлайн рәсімдеуге болады.

Жаңа қызмет туралы арнайы брифингте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыштық өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, BI Group директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахимбаев және Halyk Bank Басқарма төрағасының орынбасары Жұмабек Мамутов мәлімдеді. 

Бағдат Мусиннің айтуынша, блокчейн технологиясы деректерді біріктіру және сақтау үшін ең қауіпсіз жүйе. Елімізде бұл технология екінші рет қолданылып отыр, бұрын ол ауыл шаруашылығы саласына енгізілген.

Баспаналы болу – қазақстандықтар үшін айтулы оқиғалардың бірі. Құрылыс компаниясынан мүлікті сатып алу және сату тәртібін онлайн аудару сізге құрылыс компаниясы, банк, нотариус және халыққа қызмет көрсету орталықтары арасында жүрмей-ақ қолжетімді тәсілдермен тұрғын үйді рәсімдеуге мүмкіндік береді, – деді ол.
Сондай-ақ министр пандемияға қарамастан, жылжымайтын мүлік сатылымы тұрақты өсуде екенін айтты.
Жыл басынан бері қазақстандықтар халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 900 мыңнан аса және нотариус арқылы 700 мыңнан астам баспана рәсімдеген – бұл клиенттердің тұрғын үй құжаттарын рәсімдеу үшін 3 миллионнан астам рет орталыққа жүгінгенін білдіреді. Блокчейн технологиясын енгізудің арқасында біз жылжымайтын мүлік пен оның кепілін тіркеу процесін жеделдете алдық. Өздеріңіз білетіндей, тұрғын үйді бір адамнан екінші адамға беруге, мұрагерлікке беруге немесе қайта жазуға болады. Біз құрылыс компаниясынан бастапқы тұрғын үйді сату және сатып алу жағдайын таңдадық, өйткені бұл жерде адамның еркіне әсер ету қаупі жоқ, – деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыштық өндіріс министрі Бағдат Мусин.

Пәтерді онлайн сатып алу процесі мәмілені қашықтан жүргізуге мүмкіндік береді. BI Group өкілдерінің сөзінше, жылжымайтын мүлік нарығында мұндай қызмет бұрын-соңды болмаған.

Біздің мақсатымыз – Amazon-дағыдай клиент көңілінен шығу. Ал бүгін біз мемлекеттік деңгейде жылжымайтын мүлікті сатып алудың түбегейлі жаңа тәсілін енгізе отырып, пәтер сатып алуға 10 күнге дейін уақытын жұмсаған қазақстандықтардың санасын өзгерткіміз келеді. Енді клиенттер 15 минут ішінде блокчейн жүйесі арқылы транзакцияны аяқтап, сатып алу келісіміне қол қоя алады! Бұл қазақстандық тұрғын үй нарығындағы серпіліс. Тіркеу процедурасы әлемнің кез келген нүктесінен онлайн режимінде жүзеге асырылуы және толығымен қауіпсіз болуы үшін біз бұл процесті цифрландыру мәселесін мұқият қарастырдық. Ең бастысы, BI Group бұл өнімге эксклюзивті меншік құқығын қамтамасыз етпейді, біз оны бүкіл сала өкілдері үшін әзірледік. Сондықтан басқа құрылыс компаниялары мен олардың клиенттері де бұл қызметті пайдалана алады. Холдинг қазақстандықтардың өмірін жеңілдетуге ниетті, біздің мақсатымыз – ТМД-да №1 Construction Tech болу. Бұл вектор біз үшін маңызды және біз BI Group-тың барлық қызметтерін жақсартуға мүдделіміз, – деді BI Group Директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахимбаев.



Өзгелердің жаңалығы