15 миллион теңгеге қандай үй сатып алуға болады?

8 Қараша 2022, 20:08
9417
Бөлісу:
15 миллион теңгеге қандай  үй сатып алуға болады?

Қазақстанда жылжымайтын мүлікті сатып алу және жалға алу бағасының өсуі елдегі ең көп талқыланатын тақырыптардың бірі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тұрғын үй мәселесі халықтың орта буынын ғана емес, жастарды да қызықтырады. Қазақстанның ең ірі қалаларының жылжымайтын мүлік нарығын талдап, тұрғын үй алаңын 15 миллион теңгеге сатып алуға болатынын қарастырып көрейік.

Шымкент

Шымкентте көрсетілген сомаға тұрғын үйді сату бойынша 84 ұсыныс жасалды. Бұл негізінен бір бөлмелі пәтерлер. Негізінен 60-шы жылдардан 80-ші жылдарға дейінгі панельдік баспаналар сатылымда. Бұл бағаға сіз орталықтан да, шалғай аудандардан да тұрғын үй сатып ала аласыз.

Айырмашылық  шаршы метр мен инфрақұрылымда болады. Көрсетілген ұсыныстарда орташа пәтер 30-дан 45 шаршы метрге дейін. Сондай-ақ, көрсетілген бағада сіз аумағы 45 шаршы метр  болатын алғашқы әрлеудегі (черновая отделка) ас үйі бірге (кухня-студия)  пәтер сатып ала аласыз.

15 миллион теңгеге қандай  үй сатып алуға болады?

Қарағанды

Қарағандыда жылжымайтын мүлік иелерінен 15 миллион теңге  175 хабарландыру түскен. Алайда, бұл қалада сіз тек 1-2 бөлмелі ғана емес, сонымен қатар 3 бөлмелі пәтер сатып ала аласыз, мысалы, Майқұдық ауданында. Ұсыныстардың көпшілігінде  жөндеу жұмыстары жасалған пәтерлер ұсынылған екен. Бірақ олар 60-80 жылдарда салынған ескі баспаналар. Олардың орташа ауданы-40-45 шаршы метр.

Оңтүстік-Шығыс шағын ауданында тұрғын үй туралы көптеген ұсыныс бар,  барлығы - 68 пәтер. Аймақта дамыған инфрақұрылым бар: сауда орталықтары, дүкендер, жаңа тұрғын үй кешендері, мейрамханалар мен дәмханалар. Айта кету керек, 15 миллион теңгеге бастапқы және екінші нарықтағы  тұрғын үйлерді табуға болады.

15 миллион теңгеге қандай  үй сатып алуға болады?

Ақтөбе

Қазақстанның батысында  15 миллион теңгеге 150-ден астам үй иесі ұсыныс тастаған екен. Олардың көпшілігі кеңес заманында салынған үйлердегі  1-2 бөлмелі пәтерлер. Ақтөбеде тұрғын үйлер 25-тен астам  шағын аудандарға бөлінеді. Батыс, Авиақалашық және Тұрғын қалашығы шағын аудандарынан ұсыныс көп түскен екен.

Көрсетілген сомаға мемлекеттік бағдарламалар бойынша пәтер сатып алуға болады. Егер сіз орталықтан алыс аймақтарды алсаңыз, онда сіз бұл бағаға тіпті  4 бөлмелі пәтер сатып ала аласыз.

15 миллион теңгеге қандай  үй сатып алуға болады?

Алматы

Бүгінгі таңда Алматыда жылжымайтын мүлік нарығындағы баға өте жоғары болып тұр. 15 миллион теңгеге жатақханадан немесе қала шегінен тыс 1 бөлмелі пәтер сатып алуға болады. Барлығы 73 хабарландыру түскен. Оның өзінде нысандардың көпшілігінде  жеке жуынатын бөлмесі жоқ жатақханадағы  бөлмелер.

Бұл тұрғын үйлердің орташа  аумағы 20-25 шаршы метр, ал орналасу аумағы орталықтан қала шетіне дейін өзгереді. Пәтерлердің жағдайы орташа немесе орташадан төмен, сондықтан жөндеу жұмыстарына шығындануға тура келеді.

Бұл бағаға Наурызбай, Алатау және Жетісу аудандарында бір бөлмелі пәтер сатып алуға мүмкіндік бар. Қала орталығына келетін болсақ, мұндай бағада жылжымайтын мүлік сайтында ұсыныстар жоқ.

15 миллион теңгеге қандай  үй сатып алуға болады?

Астана

Қосшы немесе Уркер аудандарында сіз 15 миллионға пәтер сатып ала аласыз, бірақ олар қаланың шетінде орналасқан. Ұсынылған бағаға  - 187 пәтер иесі келіскен екен. Ұсынылған пәтердің көлемі 30-35 шаршы метрге тең. Салынып жатқан Тұрғынүй кешендерінде пәтерлерді сату туралы хабарландырулар бар, бірақ олар пайдалануға тек келесі жылы, яғни  2023 жылға жоспарланған екен. Айтпақшы, елордада осы бағаға оң жағалаудан пәтер сатып алуға болады. Алайда, мұндай үйлер тез арада сатылып кетеді. Жарнамалары да жарнамалық сайттарда аз тұрады.

Мұндай бағаға үйлерді Сарыарқа және Алматы аудандарынан, кей кездері  Есіл ауданынан тауып алуғға болады. Бірақ мұндай жағдайлар сирек кездесетінін айта кеткен жөн.

15 миллион теңгеге қандай  үй сатып алуға болады?

Бір жылда (2022 жылғы қазан 2021 жылғы қазанға) пәтерлерді қайта сату бағалары – 27,1%, жаңа тұрғын үйлерді сату 16,6% өсті.

Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2022 жылғы қазанда 54,2% артты.

Өңірлер бөлінісінде жаңа салынған үйлер жылдық мәнде Ақтөбе қаласында 30,3%-ға, Өскеменде 26,3%-ға, Қостанайда 25,4%-ға қымбаттады. Қолданыстағы пәтерлер нарығында баға өсімі Талдықорған (44,6%), Семей (44%), Ақтау (43,3%), Ақтөбе (42,4%) қалаларында қатты байқалды. Ал тұрғын үйді жалға алу нарығында былтырғы қазанға қарағанда баға Алматы  (89,7%), Қарағанды (64,2%), Қостанай (58,5%) қалаларында айтарлықтар көтерілген.

Бір айдың ішінде (2022 жылғы қыркүйекке қарағанда 2022 жылғы қазанда) қолданыстағы пәтер бағалары – 2,1%,  жаңа тұрғын үйді сату 0,9% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі алдыңғы аймен салыстырғанда қазанда 5,6% жоғарылады

Өзгелердің жаңалығы