15 көліктен тұратын "қара кортеж" қатысушылары жазаланды

6 Қаңтар 2020, 10:19
3725
Бөлісу:
15 көліктен тұратын "қара кортеж" қатысушылары жазаланды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың орталығында ондаған көліктен тұратын "қара кортеждің" видеосы тарады. Онда белгісіз жүргізуші "қара кортеж" үшін жолды жауып тастаған. 

Нұр-Сұлтан полициясы "қара кортеж" мүшелерін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.

5 қаңтарда Instagram желісінде әкімшілік тәртіп бұзу дерегінің видеосы пайда болды, онда қара түсті KIA автокөлігінің жүргізушісі "Хан Шатыр" СОО тұрағынан 15 автокөліктің кедергісіз шығу мақсатында Тұран даңғылының жүру бөлігін жауып тастаған. Полиция қызметкерлері бұл бейнежазбаны зерттеп, кортежге қатысушыларды анықтау бойынша шаралар қабылдады, - деді елордалық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері.

15 жүргізуші Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 614-бабы, 1-бөлігі және 590-бабы, 5-бөлімі, 10-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды. 

KIA автокөлігінің 1992 жылғы жүргізушісі Мубараков Ташбулатхон Марифхажанұлы бұрындары да жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған және "Сергек" камералары да түсірген, - делінген хабарламада.

Полиция өкілдері кортежге қатысушылардың барлығының автокөліктері коммуналдық тұраққа қамалғанын айтылады.

Өзгелердің жаңалығы