15 келіден астам есірткіні қолдан жасаған алматылық азамат ұсталды

31 Қазан 2022, 12:43
1041
Бөлісу:
15 келіден астам есірткіні қолдан жасаған алматылық азамат ұсталды

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Алматыда ірі есірткі зертханасы жойылды. Бұл зертхананы 33 жастағы жергілікті тұрғын ашып, қылмыстық әрекеттерін жүзеге асырған. Оның Mercedes автокөлігін полиция қызметкерлері Достық даңғылы мен Омарова көшесінің қиылысында тоқтатты. Арнайы операцияны ІІМ және Алматы қаласы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің жедел қызметкерлері жүргізді. Ұсталған тұрғынды және оның автокөлігін жеке тінту барысында изолентке оралған заттар және 85 орама табылды, - деп атап өтті ІІМ өкілі. 

Айтуынша, ұсталған күдікті мефедрон мен марихуананы Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағында тарату үшін сақтағанын мойындаған. Күдікті синтетикалық есірткі түрлерін өзі жасаған. 

Осы қылмыстық мақсатын іске асыру үшін ол Алматы облысының Тұздыбастау кентінде жеке үйді жалға алған. Санкцияланған тінту барысында жалдамалы тұрғын үйден зертханалық жабдықтар, шыны тостағандар, канистрлердегі түрлі сұйық және ұнтақ тәрізді химиялық заттар, ұнтақ заттары бар полиэтилен пакеттер, электрондық таразылар, магниттік араластырғыш және 300 қаптама пакеттер табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген мефедронның жалпы салмағы 15 келіден асты. Жауап алу кезінде ол зертханашы мен курьердің жұмысы үшін жақсы ақы алғанын айтып берді. Жұмыс беруші зертханаға тұрғын үй жалдауға да сараңдық танытпаған. Күдікті қамауға алынды, - деді Шұғыла Тұрлыбек. 

Өзгелердің жаңалығы