Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сейсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Ресубликаның басым бөлігінде жаңбыр жауады, оңтүстікте және орталықта найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді, тек батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерінде тұман күтіледі.
Жамбыл облысының кей жерінде тұман күтіледі, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Түркістан облысының кей жерінде түнде және таңертең жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, түнде Алматы, түнде және таңертең Қызылорда облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, Қарағанды облысының күндіз кей жерінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең Атырау, Маңғыстау облыстарында кей жерде тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының түнде кей жерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, Солтүстік Қазақстан облысының күндіз кей жерінде екпіні 25 м/с күтіледі.
Түркістан облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығыс бөлігінде, Қарағанды облысының батыс және оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.