Жұмысынан айырылған 15 мыңдай азаматқа 1,2 млрд теңге төленді

17 Наурыз 2020, 15:01
1491
Бөлісу:
Жұмысынан айырылған 15 мыңдай азаматқа 1,2 млрд теңге төленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 15 137 азамат жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеге жұмысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлем алатын болды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанда жұмыссыздарды әлеуметтік қолдау жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және 2005 жылдан бастап енгізілген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен жұмысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлем арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін төлем жұмыссыз ретінде тіркелген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға тағайындалады - делінген хабарламада.

Бұл ретте төлем жүйеге қатысу мерзіміне және соңғы 24 айдағы кірісіне байланысты 1 айдан 6 айға дейін тағайындалады.

Биылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 15 137 азамат жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеге төлем алды, орташа мөлшері 41 418 теңгені құрады. Осылайша, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі жұмыс істеген 15 жыл ішінде МӘСҚ-тан төлемнің осы түріне 19,7 млрд теңге бөлінді - деп хабарлады баспасөз қызметі

Өзгелердің жаңалығы