15 ақпаннан бастап Қостанай облысында кинотеатрлар жұмыс істей бастайды

13 Ақпан 2021, 17:01
1343
Бөлісу:
15 ақпаннан бастап Қостанай облысында кинотеатрлар жұмыс істей бастайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысында карантиндік шаралар жеңілдейді.

Бұл туралы Алау сайтында хабарланды.

15 ақпаннан бастап облысқа енгізілген карантин шараларына мынадай жеңілдіктер енгізіледі:

  1. Аптаның барлық күнінде шаштараздар, сұлулық салондары, маникюр, педикюр, косметология салондарының жұмысына рұқсат етілді;
  2. Жексенбіден басқа күндері сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін сауда және ойын сауық орталықтарының, супермаркеттер, гипермаркеттер, ауданы 2000 шаршы метрден асатын азық-түлік емес дүкендердің жұмысына рұқсат етілді;
  3. Қоғамдық тамақтану объектілеріне аптаның барлық күні сағат 7:00-ден 24:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етілді. Алайда толымдылық 50 пайыздан, отыратын орын саны 30-дан аспауы керек
  4. Қалалық қоғамдық көліктің жұмысына аптаның барлық күніне уақыт шектеуінсіз рұқсат етілді;
  5. Жабық спорт-сауықтыру және фитнес-орталықтарының жұмыс істеуіне рұқсат берілді. Олар аптаның барлық күні 30 пайыз толымдықпен 7:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді;
  6. Мәдениет объектілерінде 30 адамға дейін дайындық жасауға рұқсат етілді;
  7. Театрлар, кинотеатрлардың жұмысына 20 пайыз толымдықпен рұқсат етілді;
  8. Фудкордтар тек тапсырыс беру арқылы жұмыс істеуіне рұқсат етілді.
Өзгелердің жаңалығы