1414 нөміріне аз уақыттың ішінде 100 мың қоңырау түскен

13 Қаңтар 2022, 14:37
1706
Бөлісу:
1414 нөміріне аз уақыттың ішінде 100 мың қоңырау түскен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мұндай мәлімдемені Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты.

Оның айтуынша, із-түссіз кеткен жақындарыңызды іздеп, қолдау білдіру мақсатында  1414 жұмыс істеп тұр.

Біздің 1414 байланыс орталығы әлі де қоңыраулар қабылдап, қасіретті күндері із-түссіз жоғалып кеткендерді іздеуге көмектесуде және психологиялық қолдау жасауда. Азғантай уақыттың ішінде әріптестеріміз 100 мың қоңырау қабылдады: көбіне азық-түлікке өтінім беруде, еріктілер қатарына қосылуға ниет білдіріп жатыр, бірақ соның ішінде екі мыңнан астамы - із-түссіз жоғалған жақындарын іздеп хабарласқандар, - деді ол.

Ол байланыс орталығына түскен барлық деректер құқыққорғаушы органдар мен бас прокуратураға жолданғанын атап өтті.

Сонымен қатар  Мусин қалыпты өмірге оралу процесін жеделдету үшін бас прокуратурамен бірге www.stopterrorism.kz веб-сайтын іске қосқанын айтты.

Бұл сайтқа азаматтар жаппай тәртіпсіздікке қатысты видео, фото және аудиожазбаларды жасырын түрде жүктей алады. Ортақ ауыртпалыққа бей-жай қарамайтын қазақстандықтардың арқасында жапа шеккендерге қолұшын беріп, аз уақыттың ішінде тәртіп орната аламыз деген үміттемін. Жұмыла көтерген жүк жеңіл!, - дейді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.

Өзгелердің жаңалығы