1414-ке – 10 жыл

3 Желтоқсан 2021, 15:28
1641
Бөлісу:
1414-ке – 10 жыл

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1414 Бірыңғай байланыс орталығы өзінің 10 жылдық мерейтойын атап өтті. 2011 жылы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ базасында құрылған орталық 2021 жылғы сәуірде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына берілді.

Қазіргі кезде бірыңғай байланыс орталығының кеңселері еліміздің бес қаласында – Нұр-Сұлтан, Қызылорда, Қостанай, Көкшетау және Петропавлда орналасқан. Онда 353 оператор жұмыс істейді, олар азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша кеңес береді.

Жұмыс сапасын жақсарту және байланыс орталығының кері байланыс орнату қабілетін арттыру үшін клиенттерден қоңырауларды ғана емес, аудио және бейне хабарламаларды да қабылдауға мүмкіндік беретін бірыңғай арналы платформа жасалды. Клиенттердің қоңырауларын қабылдау пайызы 69-дан 92% - ға дейін өсті, оператордың жауабын күту уақыты 5 минуттан 16 секундқа дейін қысқарды. Операторлардың іс-қимылдарының онлайн мониторингі пайда болды, дауыстық роботтың жұмысы жаңартылды, ал операторлар қосымша оқытудан өтті.

 

10 жыл ішінде біріыңғай байланыс орталығы 40 млн-нан астам қоңырау қабылдады. Пандемия кезі де операторлар үшін оңай болған жоқ – жұмыс жүктемесі артты. Байланыс орталығының  тарихы терең және өте тату, ұйымшыл ұжымы бар. Мамандар мұнда 7-8 жылдан бері, ал кейбіреуі байланыс орталығы құрылған күннен бастап жұмыс істейді. Ортақ іске деген ынталарын бағаламасқа болмас, – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Әділ Қожықов.

 

Мемлекеттік корпорация байланыс орталығының қызметін жақсартуға бағытталған жұмысты жалғастырып жатыр. 1 шілдеден бастап кесімді-сыйлықақылы еңбекақы төлеу жүйесі бойынша пилоттық жоба басталды. Оған Нұр-Сұлтан қ., Ақмола, Қызылорда, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының бірыңғай байланыс орталығының бөлімдерінен 106 оператор қатысып жатыр.
 

Өзгелердің жаңалығы