140 шақырым жолға асфальт төсейтін мүмкіндік жоқ – Қарағанды облысының әкімі

6 Қараша 2024, 13:08
313
Бөлісу:
140 шақырым жолға асфальт төсейтін мүмкіндік жоқ – Қарағанды облысының әкімі
Фото: Артём Чурсинов - архив

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БАҚ өкілдері облыс әкіміне "Қарағанды облысы Нұра ауданының Баршын, Құланөтпес тағы біраз ауылдарға баратын автожолдарының бетін қырып, тегістей салғаннан ештеңе шешілмейді. Жаңбырдан кейін жүру мүмкін емес. Қорғалжыннан әрі қарай жолды жол деуге де келмейді. Қашан сол жолға асфальт төсеп, халыққа жағдай жасайсыз?" деп сауал қойды.

Ол жолды мен жақсы білемін. Талай рет болғанмын, жүргенмін. Ол Совет үкіметінен келе жатқан тасжол. 140 шақырым. Біздің облыста Шұбаркөлге дейін ондай асфалтьқа жол салатын мүмкіндігіміз жоқ. Сондықтан біз қаражат бөліп, әзірге ішінара жөндеу жұмыстарын жасап жатырмыз. Ол маңайда кісінің аздығына байланысты да болуы мүмкін. 140 км жолға асфальт салатындай бюджетте ондай мүмкіндік жоқ. Сондықтан болашақта осындай жағдайда ұстап отырамыз, - деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Бұған дейін Қарағанды облысының әкімі сөгістен кейінгі жаңа жылдық сыйақысы туралы жазған болатынбыз. Сондай-ақ аймақ басшысы Қарағандыдағы «Алаш саябағы» қашан ашылатынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы