140 адамға бұлтартпау шараларын тағайындады – Әділов

21 Ақпан 2022, 14:33
1642
Бөлісу:
140 адамға бұлтартпау шараларын тағайындады – Әділов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Ішкі істер министрлігі қаңтар оқиғаларын тергеу мен елдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруда.Қазіргі уақытта Ішкі істер органдары тергеушілерінің өндірісінде 2729 қылмыстық істер бар, олар бойынша 255 адам күзетпен ұсталып отыр, - деді ол. 

Әділов бұлтартпау шаралары қалай қабылданғанын айтты. 

Сонымен бірге жасаған әрекетінің ауырлығын, жеке басының мінездемесін еске отырып соттар 140 адамға қоғамнан алшақтатуға байланысты емес бұлтартпау шараларын тағайындады: үйқамақ - 62, кепіл - 33, ешқайда шықпау туралы қолхат - 45.Бұрын аталғандай қылмыстық істердің негізгі бөлігі келесі қылмыстар бойынша тергелуде: ұрлықтар - 1 844, қарудың заңсыз айналымы - 343, мүлікті қасақана бүлдіру немесе жою – 144, - деді Санжар Әділов. 

 

Өзгелердің жаңалығы